Тұрақты даму және ESG

Бірнеше жыл бұрын ESG көпшілікке түсініксіз аббревиатура ретінде қабылданып, оның бар міндеті әлеуметтік желілерде, ғылыми журналдарда және мағынасыз халықаралық форумдарда сәнді талқылау тақырыбы болу болды. Бірақ қазір бәрі өзгерді. Бүгінде қоршаған ортаға, әлеуметтік салаға, басқаруға (ESG) және тұрақты дамуға қатысты пікірлер компания қызметінің әрбір аспектісіне әсер етеді.

Қазіргі заманғы ESG – бұл стратегиялық жоспарлаудың кешенді және толыққанды құралы, ол қарастырылатын проблемалар спектрі тұрғысынан BSC немесе OKR сияқты «классикалық» құралдардан кем түспейді, керісінше едәуір асып түседі. Бизнес-процестерді ұйымдастыру тұрғысынан алдыңғы қатарлы компаниялар ESG философиясы негізінде стратегиялық бақылаудың және тіпті күнделікті басқарудың тұтас әдістемелерін әзірлейді. ESG қағидаттарына сәйкес әзірленген дұрыс жоспарланған және енгізілген шешімдер өміршеңдігімен ерекшеленеді және ондаған жылдар бойы тиімділігін жоғалтпайды, себебі бастапқыда болашақ ұрпаққа бағытталған.

Бүгінде ESG – өз айналасындағы әлемді жақсартуға деген шынайы ықыласы бар санаулы филантроптардың ғана емес, сондай-ақ тез өзгеріп жатқан әлемде өз өмірін сақтап қалу маңызды болып табылатын кез келген бизнестің тағдыры. Қазіргі Қазақстанда (әзірге) үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келмегені үшін жазалайтын мемлекеттік «таяқшалы жандарм» болмаса да, бизнестің белсенді дамуы қазірдің өзінде өте қиын. ESG қағидаттарына сәйкес келмейтін компаниялар жыл сайын ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін серіктестер іздеуде, қаржыландыруды тартуда, ірі әлемдік нарықтарға шығуда қиындықтарды бастан кешуде. «Тұрақты» компаниялардың ашық айналыстағы бағалы қағаздарының нарықтық құнының өсу перспективаларын айтпағанда, керісінше, ESG тәсіліне негізделген стратегияны белсенді енгізу басқаларға қол жеткізе алмайтын жаңа мүмкіндіктер ашады, мысалы, несие мөлшерлемесінің төмендеуі немесе «жасыл» облигациялар шығару.

«ADM Valner» компаниясының заңгерлері мен қауымдасқан серіктестері экология және орнықты даму саласындағы білімдерін «мейнстрим» болғанға дейін зерттеп, тәжірибеде қолданып келеді. Біз трендтерді үнемі қадағалап отырып, озық әлемдік тәжірибені іздеп табамыз және оларды жергілікті бизнестің дамуын және кірісін арттыруды қамтамасыз ету үшін вирус сияқты қазақстандық нарыққа таратамыз.

ESG енгізу күрделі және ұзақ процесс болғандықтан, біз стратегиялық процестің барлық кезеңдерінде бизнесті қолдаудың келесі түрлерін ұсынамыз:

  • Деректерді жинау: біз бастапқы бизнес аудитіне сұрақтар тізімін дайындаймыз, мүдделі тараптарды, бақылау нүктелерін және қажетті деректер көлемін анықтаймыз, бір-бірінен бөлек деректерді талдауға қолайлы пішінге түрлендіреміз;
  • Деректерді талдау: негізгі тиімділік көрсеткіштерін анықтаймыз, ESG тұрғысынан компаниядағы істердің жай-күйі туралы қорытынды жасаймыз, бұл бізге басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді, сонымен қатар ESG есебін жариялаймыз, «күшті» және «әлсіз жақтарын» анықтаймыз;
  • Стратегиялық жоспарлау: ESG құралын пайдалана отырып, бизнес стратегиясын түзету немесе әзірлеу мәселелері бойынша бизнес басшылығы мен меншік иелеріне кеңес береміз, соның ішінде стратегиялық кеңестер, стратегиялық сессиялар, брейнштормалар және т.б. ұйымдастырып өткіземіз, стратегиялық жоспарды әзірлейміз немесе түзетеміз;
  • ESG бойынша мақсаттарды қою;
  • Мақсаттарға қол жеткізу кестелерін, іс-қимыл жоспарларын, жол карталарын әзірлеу;
  • Стратегиялық жоспарды еңгізу процесін сүйемелдеу: кестелердің сақталуын бақылаймыз, «тар» жерлерді анықтаймыз және оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейміз, қызметкерлерді ESG принциптері мен философиясына оқытуды жүргіземіз, жергілікті нормативтік актілерді (саясат, регламенттер және т.б.) әзірлейміз және енгіземіз;
  • Стратегиялық жоспарды имплементациялау процесін бақылау: деректерді жинаймыз және талдаймыз, стратегиялық жоспардың орындалуы туралы есептерді дайындаймыз, «тар жерлерді» анықтаймыз және жоямыз, қажет болған жағдайда жобаның іске асыру мерзімдері мен іске асыру шараларын түзетеміз.

 

Әрбір бизнестің және оның операциялық қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, біз әрбір жекелеген жағдайда ESG философиясына негізделген стратегияны әзірлеу мен енгізудің бірегей әдіснамасын әзірлейміз. ESG сәйкестігі – циклдық процесс, сондықтан біз әзірлейтін әдіснама циклдық тәсілдерге (PDCA және т.б.) негізделеді.

ESG дүниежүзілік танымалдығына қарамастан, философия туралы жалпыға бірдей міндетті түсінік жоқ. Біз үшін ESG – бұл өмір мен бизнестің құрметке негізделген принциптері: E (Ecology) – ғаламшарды және болашақ ұрпақты құрметтеу, S (Social) – жасына, ұлтына, гендеріне, дініне, әлеуметтік шығу тегіне және т.б. қарамастан, қазір өмір сүретіндерді құрметтеу, G (Governance) – бейбіт қатар өмір сүру, заңды, әділдік, адалдық нормаларын ұстану болып табылатын ортақ істі құрметтеу, әлемге ашықтық пен мейірімділік.