Лена Макаренко
Білімі
- Құқықтану академиясы – «Әділет» жоғары құқық мектебі, Алматы, Қазақстан, құқықтану бакалавры
- Коммерция және құқық институты, Мәскеу, Ресей, экономика бакалавры
- Қазақ Мемлекеттік Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті, Алматы, Қазақстан, бакалавр
Тілдері
- Ағылшын, орыс.
Энергетика мәселелері (дәстүрлі көздер мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану), жер қойнауын пайдалану (мұнай және газ, тау-кен өндіру), инфрақұрылымдық жобалар және оларды қаржыландыру, бірігу және жұту, сондай-ақ корпоративтік құқық мәселелері бойынша маманданған.
Ленаның трансшекаралық және мемлекетшілік мәмілелерді құрылымдау мен іске асыруда мол тәжірибесі бар. Ол қазақстандық және халықаралық клиенттерге бірлескен кәсіпорындар, мемлекеттік реттеу және Қазақстанда бизнес жүргізудің басқа да аспектілері бойынша кеңес береді. Клиенттер оның коммерциялық шарттардык дайындаудың және олар бойынша келіссөздер жүргізудің тиімді дағдыларын бағалайды.
Жобалар
- Еуропалық жаңартылатын энергия саласындағы жобаларды әзірлеуші және инвестор – Қазақстанда бизнесті құрылымдау және құру, Қазақстан Республикасының Үкіметімен инвестициялар туралы келісім жасасу мәселелері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның батысындағы жел-күн сәулесі сутегі станциясында* жасыл сутегін өндіру жөніндегі жобаны іске қосуға (kick-off) және жобалау алдындағы кезеңге (pre-FEED) байланысты жерді пайдалану, рұқсаттар мен лицензиялау, іздестіру жұмыстары және басқа да мәселелер бойынша кеңес берді;
- Ірі халықаралық қаржы институты – Еуропалық жобаларды әзірлеушілер/инвесторлар іске асырған Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде төрт күн электр станциясын салу және пайдалану жобаларын қаржыландыру мәселелері бойынша кеңес берді (оның ішінде фактілерге заңдық тексеру жүргізу жолымен);
- Халықаралық кредиторлар – Қазақстандағы тау-кен өндіру қызметін қайта құрылымдау үшін түрік компаниялар тобын қаржыландыруды қамтамасыз етуге байланысты кеңес берді.