Бизнесті құрылымдау және салықтар
Қарқынды дамып келе жатқан әлемде Қазақстан мен басқа да елдердің салық заңнамасы жиі өзгереді, ал онымен бірге бизнес-ландшафт да өзгереді. Жалпыәлемдік тренд салықтарды үнемі көтеру және олардың төленуіне бақылауды күшейту болып табылады, салық органдары белсенді және қатаң әрекет етуде.
Мұндай жағдайда салықтық пайымдаулар стратегиялық бизнес-шешімдерге барған сайын әсер етіп келеді, бизнеске салықтық стратегияларға жаһандық көзқарас қажет. Кәсіпкерден болашақта миллиондаған немесе миллиардтаған ақша қаражатын жоғалтпау үшін және бұл ретте салық заңнамасын бұзбау үшін бизнестің құрылымын айқындау және салық салуды оңтайландыру талап етіледі. Бизнесті немесе жобаны бастау кезеңінде салық стратегиясына жеткіліксіз назар аудару ұзақ мерзімді перспективада үлкен шығындарға әкелуі мүмкін.
Біз Қазақстанда жұмыс істеп тұрған компаниялар үшін де, нарықты енді ғана зерттей бастағандар үшін де бизнесті құрылымдау шешімдерін әзірлейміз.
«ADM Valner» заңгерлерінің қатысуымен жүзеге асырылған кейбір жобалар:
Халықаралық ірі фармацевтикалық компания – Қазақстандағы бизнесті қайта құрылымдау, корпоративтік, еңбек, көші-қон және салық заңнамасы тұрғысынан әртүрлі стратегияларды әзірлеу бойынша кеңес берді;
Teхнодом – қосарланған салық салуды болдырмау туралы шарттарды және Нидерландымен, Сингапурмен, Люксембургпен және өзге де мемлекеттермен қаржы салымдарын қорғау және ынталандыру туралы екі жақты келісімдерді ескере отырып, бизнесті құрылымдау;
Kazagro National Managing Holding – қосарланған салық салуды болдырмау туралы шарттарды және инвестицияларды қорғау және ынталандыру туралы екіжақты келісімдерді ескере отырып, бизнесті құрылымдау жөнінде консультация берді.