Қаржы құралдары, корпоративтік қаржыландыру және исламдық қаржы
Коммерция жаны – несие. Қаржыландыруды тарту ең батыл идеялар мен өршіл жобаларды іске асыруға мүмкіндік бере отырып, бизнес үшін өмірлік маңызды болып табылады.
Біз Қазақстанның ұлттық экономикасын дамыту үшін аса маңызды және жүздеген миллион доллар талап ететін жобаларға қаржыландыруды тарту бойынша қолдау көрсетеміз. Мұндай қаржылық операциялар көбінесе трансшекаралық болып табылады және бір ғана елдің құқығымен реттелмейді. Ғаламшардағы жетекші заң фирмаларының арасында серіктестердің кең желісіне ие бола отырып, біз осындай жобаларды басынан аяғына дейін толық сүйемелдеуге мүмкіндігіміз бар, бұл бізге жергілікті заңгерлерді немесе жекелеген мамандандырылған фирмаларды ұзақ және күрделі іздеудің қажеттілігінсіз клиенттердің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Біз клиенттерге шариатқа сәйкес келетін қаржылық және инвестициялық өнімдерге қолданылатын құқықтық және нормативтік базаны талдауға және ескеруге көмектесеміз.
«ADM Valner» заңгерлерінің қатысуымен қаржыландырылған жобалардың кейбіреулері:
Telegram Group Inc – (ICO) Грам криптовалютасын Қазақстанды қоса алғанда, түрлі юрисдикциялардан білікті инвесторларға жалпы сомасы 1,7 млрд, АҚШ долларына шығару;
Евразиялық Даму Банкы – Екібастұз ГРЭС-2 № 3 энергия блогын салу жобасын 800 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қаржыландыруға қатысты кеңес берді;
VTB Bank Deutschland AG – Банк ВТБ тобына газ өңдеуші компанияға акциялар кепілімен, банктік шоттың кепілімен және акционердің кепілдігімен 37 млн. еуро және 4,5 млрд теңгеге несие беруге байланысты кеңес берді;
Қазақстан Даму Банкі АҚ – Малайзияның Ислам бағалы қағаздар нарығында 500 млн. АҚШ доллары сомасына Ислам бағалы қағаздарын (Sukuk al Murabaha) бастапқы шығару жөнінде кеңес.